«Заң және тәртіп» қағидаты аясында Махамбет аудандық Полиция бөлімінің ұйымдастыруымен, Махамбет аудандық Жастар ресурстық орталығы мен Отбасын қолдау орталығының қолдауымен «Саналы таңдау – қауіпсіз болашақ» атты форум өткізілді.
Форумның негізгі мақсаты – жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, құқық бұзушылықтың, есірткіге тәуелділіктің, лудоманияның және өзге де келеңсіз әрекеттердің алдын алу, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау.
Іс-шара барысында Атырау облысынан арнайы шақырылған спикерлер сөз сөйлеп, жастармен өзекті тақырыптар бойынша пікір алмасты. Атап айтқанда, “Киберқылмыстың алдын алу” интернет алаяқтарынан қорғану жолдары, “Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес”, Есірткі қылмысы” қоғамға тигізер зияны және оның салдары кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар мен қолдау тетіктері таныстырылып, олардың білім алу, жұмысқа орналасу, кәсіпкерлікпен айналысу және өзін-өзі дамыту бағытындағы мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді.
Форум барысында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, сала мамандарынан нақты жауаптар алды. Кездесу жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру

