Тыныштық күні не үшін қажет?

Құрылтай депутаттарын сайлау науқанында сайлауалды үгіт аяқталғаннан кейін тыныштық күні басталады. Биыл сайлау заңнамасына сәйкес, 22 тамыз – тыныштық күні, ал 23 тамызда дауыс беру өтеді.

Тыныштық күні сайлаушыларға үгіт науқаны барысында ұсынылған бағдарламалар мен ұстанымдарды саралап, шешімін байыппен қабылдауға мүмкіндік береді. Осы кезеңде сайлауалды үгіт жүргізуге жол берілмейді.

Сайлау процесінің әр кезеңі заңнамада белгіленген тәртіппен өтеді. Үгіт кезеңінде саяси партиялар өз бағдарламаларын таныстырып, сайлаушылармен кездесулер өткізеді. Ал тыныштық күні үгіт жұмыстары тоқтатылып, дауыс беруге дайындықтың соңғы кезеңі басталады.

Бұл талап сайлау процесіне қатысушылардың барлығына бірдей қолданылады. Оның сақталуы сайлауалды науқанның белгіленген тәртіппен өтуіне және дауыс беру қарсаңында заң талаптарының орындалуына бағытталған.

23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді. Сайлаушылар өздерінің конституциялық құқығын пайдаланып, дауыс береді. Осылайша тыныштық күні сайлауалды үгіт пен дауыс беру арасындағы маңызды құқықтық кезең ретінде өз міндетін атқарады.

Майра ЕРҒАЛИ

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT