ТЫЛ АРДАГЕРІ ДАУЫС БЕРДІ

Есбол селолық округіне қарасты Ынтымақ ауылының халқы да белсенділікпен қатынасу үстінде Ауылдық мәдениет үйінде орналасқан №123 сайлау учаскесінде 328 сайлаушы тіркелсе, он сегіз жасқа енді толған 3 жас алғаш рет сайлауға қатынасып өз таңдауларын жасамақшы. 

Дауыс берушілердің үлкені 96 жастағы тыл ардагері Илан Кішкентаева әжей. Ұзақ жыл ауыл шаруашылығында жұмыс істеп, егінші, сауыншы сынды жұмыстарды атқарып зейнеткерлік демалысқа шыққан. Елдің амандығын тілеп бата қылып отырған әжейге сайлау учаскесінің жылжымалы жәшігі апарып беріліп, дауыс беруге мүмкіндік жасалды.

С.КӨШЕКОВ

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT