ТӘУЕЛДІЛІКТІҢ АЛДЫН АЛУ – ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІҢ КЕПІЛІ

«Karabatan Utility Solutions» ЖШС қызметкерлері арасында құқық бұзушылықтың, лудоманияның және есірткіге тәуелділіктің алдын алуға, сондай-ақ салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған профилактикалық кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында қатысушыларға тәуелділіктің алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы жөнінде ақпарат берілді.

Іс-шараға «Тәуелсіз өмір» қозғалысының, Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының және Атырау облыстық Жастар ресурстық орталығының өкілдері қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

📌 «Тәуелсіз өмір» жобасы Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен, «Ақсұңқар» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен іске асырылуда.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT