Теңіз ауылдық клубы жаңа ғимаратқа көшті

Теңіз ауылдық округінде тұрғындардың мәдени демалысын ұйымдастыруға арналған жаңа ауылдық клуб ашылды. Жаңа нысанның құрылысын «Атырау Эксперт Проект» компаниясы жүргізіп, ғимарат биыл тамыз айында ел игілігіне берілді,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

 

126 орындық ауылдық клубта тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасалып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және ұлттық салт-дәстүрді дәріптеуге бағытталған мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады. Клуб жанынан ән-би, домбыра, драма және көркемсөз оқу үйірмелері жұмыс істейді.

 

Сонымен қатар жергілікті дарынды жастардың шығармашылық кештері мен еңбек ардагерлерімен кездесулер өткізіліп, аға буынның өмірлік тәжірибесі мен еңбегі кейінгі ұрпаққа насихатталады. Жасөспірімдердің бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру мақсатында ұлттық ойындар, спорттық жарыстар мен мерекелік концерттер де тұрақты түрде өтеді.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT