Мұқыр ауылдық округінде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында кезекті сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.
Сенбілікке округке қарасты барлық мекеме қызметкерлері белсенді түрде қатысып, өздеріне бекітілген аумақтарда тазалық жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында көше бойлары, қоғамдық орындар, мекеме аулалары мен жол жиектері тазартылып, шашылған қоқыстар жиналды. Сонымен қатар, қоршаған ортаның тазалығын сақтау, ауыл келбетін көркейту бағытында бірқатар абаттандыру жұмыстары атқарылды. Мұндай игі шаралар тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, тазалыққа деген жауапкершілігін арттыруға септігін тигізеді.
Таза ауыл – тұрғындарға жайлы орта мен жарқын болашақтың кепілі. #Тазалық

