Тазалық – ауыл көркі

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Ойыл ауылдық округінде абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Акция барысында ауылға кіреберіс асфальт жолдың жиектері шөптен тазартылды. Жұмысқа бөлімдер мен мекеме қызметкерлері, сондай-ақ қоғамдық жұмысшылар белсенді қатысты. Жол жиегін ретке келтіру ауылдың көркін арттырып, елді мекеннің санитарлық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

Тазалық сақтау – туған жерге деген құрметтің белгісі. Осындай игі жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Нұрсәуле Жауынбаева

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT