ТАЗА ОРТА – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Индер ауданына қарасты Бөдене ауылдық округінде Бөдене орта мектебінде мектеп ауласын тазарту жұмыстары ұйымдастырылды.

Тазалық шарасы барысында мектеп аумағы ұсақ қоқыстардан тазартылып, айналасы ретке келтірілді. Мұндай жұмыстар ауылдың көркін арттырып қана қоймай, қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға да ықпал етеді.

Туған жердің тазалығын сақтау – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Қоршаған ортаны таза ұстау күнделікті дағдымызға айналуы тиіс.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT