«Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында Атырау қалалық сотының ұжымы сенбілік ұйымдастырды.
Ізгі шараға сот судьялары мен қызметкерлері белсене қатысып, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты. Сенбілік барысында сот ғимаратының ауласы мен іргелес аумағы қоқыстан тазартылып, жасыл желектер күтіп-бапталды, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Ұжымның бірлескен еңбегінің нәтижесінде сот аумағы көркейіп, айналасы таза әрі жинақы кейіпке енді. Мұндай игі бастамалар табиғатқа жанашырлық мәдениетін қалыптастырып қана қоймай, қоғамда тазалыққа деген жауапкершілікті арттыруға, сондай-ақ ұжымның ауызбіршілігі мен ынтымағын нығайтуға ықпал етеді. «Таза Қазақстан» – әр азаматтың туған жерге деген жанашырлығы мен ортақ жауапкершілігінің нақты көрінісі.



