«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы – қоршаған ортаны қорғауға және елді мекендердің тазалығын сақтауға бағытталған маңызды бастама. Бұл жоба табиғатқа деген жанашырлықты арттырып қана қоймай, қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға зор ықпал етеді.
Тазалық – өркениетті қоғамның айнасы. Айналаны таза ұстау тек коммуналдық қызметтердің емес, әрбір азаматтың міндеті. Көшеге қоқыс тастамау, ағаш отырғызу, қоғамдық орындарды күтіп ұстау сияқты қарапайым әрекеттердің өзі туған жердің көркеюіне үлес қосады.
«Таза Қазақстан» акциясы халықты ортақ іске жұмылдырып, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға үндейді. Әсіресе жастардың белсенділігі мен табиғатқа деген қамқорлығы болашақ ұрпақ үшін таза әрі жайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Қажғали НАУАНОВ,
«Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының қоршаған ортаны қорғау бөлмінің инженері, Еңбек- ардагері


