Атырауда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында өңірде санитарлық тазалықты сақтау, абаттандыру, көгалдандыру және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Биыл халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру бағытында 266 іс-шара ұйымдастырылды. Оның ішінде 75 мыңнан астам адамның қатысуымен 210 сенбілік өткізіліп, нәтижесінде 6 542 тонна қоқыс шығарылды. Сонымен қатар 17 729 ағаш көшеті отырғызылып, 8 483 аула тазартылды.
Акция аясында экологиялық білім беруге де ерекше көңіл бөлінді. Бүгінде облыста 8 «Жасыл балабақша» және 200-ден астам «Жасыл клуб» жұмыс істейді. Олардың жұмысына 19 мыңнан астам оқушы тартылған.
Сондай-ақ ашық сабақтар, акциялар мен форумдарға 45 600 оқушы мен жас эколог қатысты.
Бұл жұмыстардың барлығы қоршаған ортаны қорғаумен қатар, өскелең ұрпақтың табиғатқа деген жауапкершілігін арттырып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.


