«Таза Қазақстан» акциясы аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

18 тамыз күні Қоныстану ауылының тұрғындарына «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында тазалықты сақтау және қоршаған ортаны қорғау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесу барысында ауыл аумағын таза ұстау, тұрмыстық қалдықтарды белгіленген орындарға шығару, көшелер мен қоғамдық орындардың тазалығын сақтау бойынша тұрғындарға ескерту жасалды.

Тазалық – ортақ жауапкершілік. Әр тұрғын өз ауласы мен ауыл тазалығына үлес қосып, қоршаған ортаны қорғауға атсалысуы маңызды.

Өз тілшіміз

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT