Таза ауыл – ортақ жауапкершілік!

Қызылқоға ауданы Көздіғара ауылдық округінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды. 

Іс-шара барысында мекеме аулалары тазартылып, аумақтың тазалығы мен көріктілігіне ерекше көңіл бөлінді.
Тазалық жұмыстарының басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, ауыл тазалығын сақтау және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

 Әрбір азамат туған жерінің тазалығына үлес қосып, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауы тиіс.

Өз тілшіміз

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT