Табиғатты аялау – барлық этносқа ортақ құндылық

«Таза Қазақстан» акциясы – қоршаған ортаны қорғауға бағытталған маңызды экологиялық бастама ғана емес, қоғамды ортақ құндылықтар төңірегіне топтастыратын игі жоба.

Атырау облысында атқарылып жатқан жұмыстар халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, туған жерге деген жауапкершілікті арттыруға оң ықпал етіп келеді.

Бүгінде акция аясында өткізілетін сенбіліктер, ағаш отырғызу, қоғамдық орындарды абаттандыру және өзен-көлдердің жағалауын тазарту шаралары тұрғындардың белсенді қатысуымен жүзеге асуда. Бұл – қоршаған ортаның тазалығына мемлекет қана емес, әрбір азаматтың үлес қосуы қажет екенін көрсететін жарқын мысал.

«Вайнах» этномәдени бірлестігі де экологиялық мәдениетті нығайтуға бағытталған бастамаларды әрдайым қолдайды. Табиғатты аялау, тазалықты сақтау, қоғамдық тәртіпке жауапкершілікпен қарау – барлық этностарға ортақ құндылықтар. Осындай игі істер түрлі ұлт өкілдерінің өзара ынтымағын күшейтіп, қоғамдағы бірлік пен келісімді одан әрі нығайта түседі.

Атырауда «Таза Қазақстан» акциясының жүйелі түрде ұйымдастырылып, тұрғындардың кең қолдауына ие болуы өңірдің экологиялық ахуалын жақсартумен қатар, өскелең ұрпаққа өнегелі тәрбие берудің маңызды тетігіне айналып отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, қоғамның әрбір мүшесі табиғатқа жанашырлықпен қарайтын мәдениет қалыптасады деп сенемін.

Нурид Нурдиевич,
«Вайнах» этномәдени бірлестігінің төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT