СУ ЖАҒАЛАУЛАРЫ ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАН ТАЗАРТЫЛДЫ

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Ойыл ауылдық округінде жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Атап айтсақ, Ойыл ауылдық округінде акция басталғалы бері ауыл тұрғындары, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, жастар, еріктілер және кәсіпкерлер «Таза көше», «Таза жағалау» және «Жасыл желек» атты кең ауқымды сенбіліктер ұйымдастырылды.

«Таза көше» акциясы барысында, елді мекен көшелерінің санитарлық тазалығы жақсартылып, тұрғын үйлердің аумақтары ретке келтірілсе, «Жасыл желек» сенбілігі аясында жасыл аймақтарды күтіп-баптау және ауылдың көркін арттыру бағытындағы жұмыстар атқарылды.

Ал, «Таза жағалау» сенбілігі барысында Төртқыстау, Ақтөре, Боранғали және Көкмешіт су учаскелерінің жағалаулары тұрмыстық қалдықтардан тазартылды. Бұл игі іске ауыл белсенділері мен жастары белсене қатысып, туған өлкенің табиғатын қорғауға өз үлестерін қосты. Жасқайрат ауылында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған тың бастамалар қолға алынды.

Атап айтқанда, Ы. Шөреков, С. Қалекенов және Ш. Еркінов көшелерінің тұрғындары арасында тазалық сенбілігіне арналған көшеаралық челлендж ұйымдастырылды. Аталған бастама көршілердің ұйымшылдығын арттырып қана қоймай, әрбір тұрғынды өз көшесінің тазалығы мен көркеюіне жауапкершілікпен қарауға үндеді. Бұл игі үрдіс ауыл тұрғындарының қолдауына ие болып, тазалық мәдениетін насихаттаудың тиімді үлгісіне айналды.

 Табиғатты қорғауға бағытталған маңызды жоба ғана емес, қоғамда жауапкершілік пен бірлікті қалыптастыратын игі бастама. Ойыл ауылдық округінің тұрғындары бұл акцияға белсенді қатысып, туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосуда.

Назымгүл МАРАТҚЫЗЫ,

Ойыл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT