Сенбілік – тазалыққа бастар жол

Мақат ауданында “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында кезекті сенбілік ұйымдастырылды.

 Аудан бойынша өткен тазалық жұмыстарына мекеме ұжымдары, кәсіпорын қызметкерлері және тұрғындар белсенді қатысты.

Сенбілік барысында көшелер мен қоғамдық орындар тазартылып, арамшөптер шабылып, аумақтарды абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

 Тазалық шарасының басты мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстау, елді мекендердің көркін арттыру және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

 Жалпы, “Таза Қазақстан” бастамасы аясындағы жұмыстар аудан аумағында жүйелі түрде жалғасуда.

 MT

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT