Аймақ басшысы бұл учаскеде бұған дейін де болып, жөндеуді уақытында аяқтауды тапсырған еді.
Қазіргі уақытта учаскеге асфальтбетон жабынының үстіңгі қабаты төселген. Бүгін жол сызықтары салынбақ. Көлік қозғалысы 18 тамызда ашылады деп көзделіп отыр.
Бұған қоса, жақында осы учаскедегі жаяу жүргіншілер жолының асфальт жабынының орнына төсемтас төсеу басталмақ.
Өңір басшысы Махамбет Өтемісов көшесін орташа жөндеуді әрі қарай жалғастыруды және қарқынды бәсеңдетпеуді тапсырды. Жұмысты жыл аяғына дейін толық бітіру жоспарланып отыр.


