NCOC компаниясының вахталық қызметкерлері Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысты

NCOC компаниясының өндірістік нысандарында еңбек ететін Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын вахталық қызметкерлер бүгін Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға қатысты.

 

NCOC компаниясының өндірістік нысандары Атырау және Маңғыстау облыстарының аумағында орналасқан. Олардың қатарында Атырау облысындағы Батыс Ескене елді мекенінде орналасқан «Болашақ» мұнай мен газды кешенді дайындау қондырғысы, Қашаған кен орнының теңіз кешені, сондай-ақ Маңғыстау облысы Түпқараған ауданындағы Баутино базасы бар.

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес, вахталық әдіспен жұмыс ұйымдастырылатын орындарда тікелей сайлау учаскелерін құруға мүмкіндік берілді.

 

Осыған байланысты «Болашақ» мұнай мен газды кешенді дайындау қондырғысының аумағындағы «Самал» вахталық кентінде вахтада жүрген қызметкерлер үшін сайлау учаскесі ұйымдастырылды.

 

Осылайша, сайлау күні өндірістік нысандарда жұмыс істеп жатқан қызметкерлерге жұмыс орнынан кетпей-ақ өздерінің конституциялық құқығын жүзеге асырып, дауыс беруге мүмкіндік жасалды.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT