LOTUS FEST – 2026: полиция 30 мыңнан астам азаматтың қауіпсіздігін қамтамасыз етті

Атырау облысының Құрманғазы ауданында өткен "LOTUS FEST – 2026" мәдени-туристік фестиваліне 30 мыңнан астам көрермен жиналды. Ауқымды шараға аудан тұрғындарымен қатар, облыстың өзге елдімекендерінен азаматтар мен туристер де қатысты.

Әсем табиғат аясындағы мерекелік шара көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, өңірдің мәдени-туристік әлеуетін кеңінен танытқан айтулы шаралардың біріне айналды.

Фестиваль барысында полицейлер күшейтілген режимде қызмет атқарып, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Адамдар көп шоғырланған орындарда қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, жаяу және автопатрульдер қызмет атқарды. Көлік қозғалысы артқан уақытта тәртіп сақшылары жолдағы көлік ағынын реттеп, кептелістердің алдын алды.

 

 

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT