Құрылтай сайлауында кәсіпкер әрі блогер Бану Гайдар Атырау қаласындағы №34 мектепте орналасқан №85 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді.
Сайлауға қатысқан кәсіпкер өз саласына қатысты пікірін білдіріп, әсіресе әйелдер кәсіпкерлігін қолдаудың маңыздылығына тоқталды.
Оның айтуынша, кәсіп бастауға ниетті азаматтарға қолдау көрсету, шағын және орта бизнесті дамытуға жағдай жасау – қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал етеді.
Бану Гайдар Құрылтай депутаттары кәсіпкерлердің ұсыныстарына назар аударып, бизнесті дамытуға бағытталған бастамаларды қолдайды деген сенім білдірді.


