Көршілер бір мезетте дауыс берді

Исатай ауданында көршілер жиналып дауыс берді Аққыстау ауылдық округіндегі бір мөлтек ауданның тұрғындары бір мезетте дауыс беріп, азаматтық белсенділіктерін көрсетті. Аудан орталығы Аққыстау ауылындағы Абай атындағы орта мектепте орналасқан №134 сайлау учаскесіне келген көршілер ел болашағына қатысты маңызды таңдауды бірге жасады.

 

Айта кету керек, тұрғындар сайлау науқандарында ғана емес, қоғамдық және қайырымдылық шараларда да белсенділігімен ерекшеленіп келеді. Көршілік қарым-қатынасты нығайту мақсатында өзара айналмақ қонақтықтарын ұйымдастырып, қуанышты күндерде бірге бас қосып, қиын сәтте бір-біріне қолдау көрсетуді дәстүрге айналдырған.

 

Көршілердің пікірінше, мұндай өзара сыйластық пен ауызбіршілік – ауылдағы татулықтың берік негізі. Бүгінгі дауыс беру де тұрғындардың елдік мәселеге бейжай қарамайтынын аңғартты.

 

 

 

– Бүгін әр азамат өз таңдауын жасап, елдің ертеңіне үлесін қосуы керек. Көшенің бірлігі – ауылдың бірлігі. Сондықтан әр адам ел тағдырына бейжай қарамай, азаматтық міндетін орындауға шақырамын, – деді Қожаберген Сыдихов.

 

Айта кетейік, №134 сайлау учаскесінде барлығы 1323 сайлаушы тіркелген. Мұнда дауыс беру белгіленген тәртіпке сәйкес жалғасуда.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT