Тәуелсіз ел үшін ең басты құндылық – тұрақтылық. Ал тұрақтылықтың негізі – мықты құқықтық жүйе. Бұл тұрғыда Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекетіміздің берік тірегіне айналды.
Конституция мемлекеттік биліктің тармақтарын айқындап, олардың өзара тепе-теңдігін қамтамасыз етеді. Бұл – демократиялық қоғамның басты белгісі. Сонымен қатар заң үстемдігі қағидаты ел ішіндегі бірлік пен келісімді сақтауға ықпал етеді.
Бүгінгі таңда еліміз жаһандану дәуірінде түрлі сын-қатерлерге тап болуда. Осындай кезеңде Ата Заңымыздың қағидаттарын сақтау – ел дамуының негізгі кепілі. Әр азамат Конституцияны құрметтеп, оның талаптарын орындағанда ғана қоғамымыз алға басады.
#Тұрақтылық #Даму #Конституция



