Қоғамда табиғатқа жанашырлық пен жауапкершілік қағидаларын нығайтуда

"Таза Қазақстан" бастамасының ауыл шаруашылығы мен табиғи экожүйені сақтаудағы маңызы өте зор.

Жердің құнарлылығы, жайылымдардың тазалығы, су көздерінің қорғалуы – аграрлық саланың тұрақты дамуының негізгі шарттарының бірі. Сондықтан қоршаған ортаны қорғауға бағытталған әрбір іс-шараның ғылыми және практикалық мәні бар.

Атырау облысында тазалық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жұмыстардың жүйелі жүргізілуі өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға оң әсер етеді. Табиғи аумақтарды қоқыстан тазарту, жасыл желек отырғызу, тұрғындардың экологиялық жауапкершілігін арттыру – мұның барлығы жер ресурстарын ұтымды пайдалануға және табиғи тепе-теңдікті сақтауға ықпал етеді.

Ғалым ретінде экологиялық мәдениеттің қалыптасуы тек мемлекеттік бастамаларға ғана емес, әр азаматтың күнделікті іс-әрекетіне байланысты екенін айтқым келеді. Табиғатты аялау, қалдықтарды ретімен шығару, су мен жер ресурстарын ұқыпты пайдалану – болашақ ұрпақ алдындағы ортақ міндетіміз.

«Таза Қазақстан» акциясының басты жетістігі – қоғамда табиғатқа жанашырлық пен жауапкершілік қағидаларын нығайтуында. Осындай бастамалар ғылым, өндіріс және қоғамның өзара байланысын күшейтіп, экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуге негіз қалайды. Бұл бүгінгі күннің ғана емес, еліміздің ұзақ мерзімді дамуы үшін де маңызды қадам деп есептеймін.

Қосыбек Салтанатұлы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT