«Құқықтық тәртіп»: тәулік ішінде 160-тан астам құқық бұзушылық анықталды

«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Атырау облысының аумағында құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және азаматтардың қауіпсіздігін сақтау бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде.

Іс-шараның бір тәулігі ішінде полиция қызметкерлері 160-тан астам құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде қоғамдық орындардағы тәртіпті сақтау, жол қозғалысы ережелерін бұзу және басқа да құқық бұзушылықтар бойынша тиісті шаралар қабылданды.

⚠️ Полиция қызметкерлері профилактикалық жұмыстарды күшейтіп, құқық бұзушылықтарға жол бермеу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жалғастыруда.

#ЗАҢЖӘНЕТӘРТІП 

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT