Ағымдағы жылдың 18-21 тамызы аралығында республика аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара аясында Атырау қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексерілді. Тексеру барысында сот үкімімен белгіленген міндеттерді орындауы мен пробация қызметі талаптарын сақтауы бақылауға алынды.
Азаматтармен профилактикалық және түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның мақсаты – құқық бұзушылықтар мен қайталама қылмыстардың алдын алу.


