«Келешек мектептері»: оқушыларға арналған жаңа орындар және заманауи мектеп инфрақұрылымы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша сапалы білім беру, оқушы орындарының тапшылығын, үш ауысымды оқыту мен апатты мектептерді жою арқылы тең жағдай жасауға бағытталған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы жүзеге асырылды.

🏫Үш жыл ішінде жоба аясында 460 мың оқушыға арналған жаңа форматтағы 217 мектеп салынды: 2024 жылы 105 мектеп, 2025 жылы 112 мектеп пайдалануға берілді. Нәтижесінде 54 үш ауысымды және 12 апатты мектеп мәселесі толығымен шешілді, сондай-ақ 100-ден астам мектепте оқушы орындарының тапшылығы қысқарды. Нысандардың едәуір бөлігі Астана, Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Алматы, Түркістан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында жүзеге асты.

🏡Ауылдық жерлерде мектеп инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударылды. Ауылдық жерлерде жаңа форматтағы 84 мектеп салынды, соның арқасында 130 мыңнан астам ауыл балалары заманауи және жайлы білім беру ортасына қол жеткізе алады.

📐«Келешек мектептерінің» ауданы бұрынғы типтік жобалар бойынша салынған мектептерден орта есеппен алғанда 15–20%-ға үлкен, ал техникалық жабдықтау деңгейі 4 еседен астам жоғары.

🔬Мектептер заманауи физика, химия, биология кабинеттерімен, зертханалармен, компьютерлік сыныптармен, STEM-зертханалармен және робототехника кабинеттерімен жабдықталған. Оқушыларға жылжымалы трансформер-парталар мен жеке шкафтар беріледі, санитарлық нормаларға сәйкес әр қабатта ауыз су бұрқақтары орнатылады. Шығармашылық әлеует пен кәсіби дағдыларды дамыту үшін толық жарақтандырылған әмбебап шеберханалар, студиялар мен бастауыш кәсіптік оқыту кабинеттері қарастырылған.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT