Елорда тұрғыны 2023 жылдан 2025 жылға дейін әрекет еткен қаржы пирамидасын ұйымдастырған.
Оған 6,2 мыңнан астам адам тартылып, ұйымдастырушының табысы 337 млн теңгені құраған.
Ол мүлкі тәркіленбестен, 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасына сотталған.
Бас прокуратура тағайындалған жеңіл жазамен келіспеді.
Кассациялық сот прокурордың наразылығы бойынша сот актілерінің күшін жойып, істі жаңа сот талқылауына жіберді.
🌐 https://t.me/GenPr
Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП


