Интернет алаяқтықтан сақ болыңыз: полиция тұрғындарға ақпараттық жадынама таратты

фото видеодан алынды

Атырау облысы полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру және интернет алаяқтықтың алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының азаматтарына интернет алаяқтардың кең таралған тәсілдері түсіндіріліп, қауіпсіздік шаралары жөнінде ақпарат берілді. 



Іс-шара барысында жалған банк қызметкерлерінің атынан қоңырау шалу, күмәнді сілтемелер арқылы жеке мәліметтерді иемдену, жалған интернет-дүкендер мен әлеуметтік желілер арқылы алдау сынды алаяқтық тәсілдер туралы ескертілді. Айта кетейік, жыл басынан бері Атырау облысында 500-ден астам интернет алаяқтық дерегі тіркеліп, оның 100-ге жуығы сотқа жолданды. 

Полиция азаматтарды бейтаныс адамдарға банк картасының деректерін, SMS-кодтарды бермеуге және күмәнді сілтемелерге өтпеуге шақырады.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT