Қазақстан мен АҚШ есірткі және прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша екіжақты сарапшылық консультациялар өткізді.
Кездесу барысында тараптар ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайту, тәжірибе алмасу және заманауи аналитикалық құралдарды қолдану мәселелерін талқылады.
ҚР ІІМ-нің бірінші жартыжылдықтағы қорытындысы:
4 000-ға жуық есірткі құқық бұзушылығы анықталды;
6 ұйымдасқан қылмыстық топтың, оның ішінде бір трансұлттық топтың қызметі тоқтатылды;
синтетикалық есірткі өндіретін 15 жасырын зертхананың жұмысы әшкереленді;
заңсыз айналымнан 10 тоннаға жуық есірткі, оның ішінде 578 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді;
заңсыз айналымға 12 тоннадан астам прекурсордың түсуіне жол берілмеді.


