Бюллетеньді кім береді? Дауыс беру күніндегі маңызды тәртіп

Дауыс беру күні сайлау учаскесіндегі әр рәсім заңда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Соның бірі – сайлаушыларға дауыс беруге арналған бюллетеньдерді беру.

Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әсия Қыстаубаеваның айтуынша, дауыс беру күніне бір күн қалғанда учаскелік сайлау комиссиясы қажетті дайындық жұмыстарын жүргізеді.

Соның ішінде бюллетеньдерді сайлаушыларға беретін комиссия мүшелері бекітіледі.

– Заңмен көзделген тәртіп бойынша бюллетеньдерді сайлаушыларға учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы мен хатшысы бермейді, — деді Әсия Баянқызы.

Бұл талап дауыс беру рәсімін ұйымдастыру кезінде ескеріледі. Комиссия мүшелерінің міндеттері дауыс беру басталғанға дейін белгіленген тәртіпке сәйкес бөлінеді.

Дауыс беру күні комиссия сайлаушылардың тізімдерімен жұмыс жүргізіп, заңда көзделген рәсімдерді орындайды. Бюллетеньдерді беру де осы рәсімдердің бірі.

Сондықтан дауыс беру күніне дайындық кезінде комиссия мүшелерінің міндеттерін алдын-ала нақтылау маңызды. Учаскелік комиссия қажетті құжаттарды, құралдарды және дауыс беруге арналған үй-жайды да алдын-ала әзірлейді.

Майра ЕРҒАЛИ

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT