Борышкер мүлкі қалай бағаланады және сауда-саттыққа қалай шығарылады?

20 тамыз күні сағат 10:00-де борышкер мүлкін бағалау және оны сауда-саттыққа шығару тәртібіне арналған тікелей эфир өтеді.

Эфир барысында борышкердің мүлкін бағалау, сауда-саттыққа шығару тәртібі және осы бағыттағы өзекті мәселелер түсіндіріледі.

Тікелей эфирде Атырау облысы бойынша сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімінің бас маманы Айдын Қайратұлы Жұмағұлов қатысады.

Тұрғындар эфир барысында тақырыпқа қатысты сұрақтарын қойып, маманнан жауап ала алады.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT