«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Индер ауданы Бөдене ауылында ауыл аумағын таза ұстау бағытында жұмыстары жүргізілді.
Ауылға кіреберіс тасжол бойы қоқыстардан тазартылып, округ қызметкерлері ауылішілік көшелердің бойындағы қалдықтарды жинады. Сонымен қатар, арамшөптер орылып, аумақты ретке келтіру жұмыстары атқарылды.Тазалық жұмыстары елді мекеннің көркін арттырып қана қоймай, қоршаған ортаны қорғауға да бағытталған. Мұндай шаралар ауылдың таза әрі жайлы болуына ықпал етеді.
Дендер Ақпарат



