Атыраулық блогер өз таңдауын жасады

Әлеуметтік желіде анасымен бірге түсіретін контенті арқылы танылған блогер Балғын Маханбетов бүгін Тауман Амандосов атындағы мектепте орналасқан №72 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.

 

Ол өз сөзінде сайлаудың ел болашағы үшін маңыздылығын атап өтті.

 

– Біз де өз таңдауымызды жасап, азаматтық міндетімізді орындап келіп тұрмыз. Әрине, еліміз жақсы жағынан өзгерсе деген ниеттеміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! – деді ол.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT