Атыраудағы облыстық тамыз кеңесінде «Келешек» мектептерінің мәселелері талқыланды

Атырау қаласында «Құндылыққа негізделген білім және жасанды интеллект дәуірі – адами капиталды дамытудың стратегиялық негізі» тақырыбында педагогтердің облыстық тамыз кеңесі өтті.

Жаңа оқу жылы қарсаңында өткен жиында өңірдегі білім беру саласының өткен оқу жылындағы нәтижелері сараланып, 2026–2027 оқу жылына арналған негізгі міндеттер мен басым бағыттар айқындалды.

Кеңеске облыс әкімі Болат Ақшолақов, педагогтер, білім беру ұйымдарының басшылары, әдіскерлер мен сала ардагерлері қатысты.

Жиында білім беру жүйесіне жаңа технологияларды енгізу, жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану, педагогтердің кәсіби құзыретін арттыру және заманауи білім беру ортасын қалыптастыру мәселелері сөз болды.

Сонымен қатар өңірде жаңа форматта жұмыс істейтін «Келешек» мектептерінің қызметі, білім сапасын арттыру және заманауи мектеп инфрақұрылымын тиімді пайдалану бағыттары назарға алынды.

Пленарлық отырыста Атырау облысы Білім беру басқармасының басшысы Марат Абуов «Адами капиталды дамыту – Атырау облысы білім беру жүйесінің стратегиялық басымдығы» тақырыбында баяндама жасап, өңірдің білім беру саласын дамытудың негізгі бағыттарына тоқталды.

Кеңес барысында педагогтің жаңа рөлі, жасанды интеллектіні оқу үдерісіне енгізу, оқушылардың заманауи дағдыларын қалыптастыру және білім сапасын арттыру мәселелері талқыланды.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT