Атырауда жасөспірімдерге арналған мәдени-танымдық шара өткізілді

Қала прокуратурасы кәмелетке толмағандардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау, олардың рухани-адамгершілік тәрбиесін нығайту және құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде.

Осы бастаманың аясында 27.02.2026 жылы «Infinity Mall» сауда-ойын-сауық орталығында 90 кәмелетке толмаған жасөспірімге арналған «Пейіш 2 — Анама хат» көркем фильмін тамашалау іс-шарасы өткізілді.

Аталған фильм аналық махаббат, рухани құндылықтар, адамгершілік пен ата-анаға деген құрмет тақырыптарын кеңінен насихаттайды.

Іс-шараның басты мақсаты — жасөспірімдердің бойында ізгілік, жауапкершілік және отбасылық құндылықтарды қалыптастыру.

Іс-шараны ұйымдастыру барысында балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлініп, қоғамдық тәртіпті сақтау шаралары күшейтілді.

Қала прокуратурасымен аталған бағыттағы тәрбиелік іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

 

Атырау қаласының прокуратурасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT