Атырау облысының байдарка мен каноэда ескек есу құрамасының спортшылары №8 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауларын жасады.
«Бүгін команда құрамымен бірге дауыс беруге келдік. Бұл - біз үшін маңызды азаматтық міндет. Елдің болашағына бейжай қарамай, өз таңдауымызды жасауға келдік», - дейді байдарка мен каноэда ескек есу спортының жаттықтырушысы Данияр Бекшойын.
Бүгінде Атырау облысында байдарка мен каноэда ескек есу спортына қызығушылық артып келеді. Аймақта аталған спорт түрімен 70-ке жуық адам тұрақты айналысады.
Айта кетейік, Атырау облысында сайлауға қатысуға құқығы бар 428 мыңға жуық азамат бар. Олардың дауыс беруі үшін облыс бойынша 278 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Барлық учаске сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін ашық.


