Бұл шешім сайлау учаскелерінің қолжетімділігін арттыру мақсатында қабылданды, деп хабарлайды AtyrauPress.
Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарын сайлау күні қоғамдық көлікте жүру тегін болады.
«Бұл шара азаматтардың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасау және сайлау учаскелерінің қолжетімділігін арттыру мақсатында қабылданды. Жолаушылардан сапарларын жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруді сұраймыз», – делінген хабарламада.


