Арнайы автобус – оқушылар игілігі үшін

Білім алушылардың мектепке қауіпсіз әрі уақытылы қатынауын қамтамасыз ету – білім беру ұйымының маңызды міндеттерінің бірі. Осы бағытта Береке ауылындағы 47 «Келешек» мектебінде оқушыларды тасымалдау жұмыстары жүйелі түрде ұйымдастырылған.

Береке ауылынан тыс орналасқан бау-бақша қожалықтарында тұратын оқушылар үшін мектепке қатынау мәселесі толық шешімін тапқан. Қазіргі таңда мектептің 45 оқушысы арнайы автобуспен күн сайын тасымалданады. Бұл балалардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасап қана қоймай, ата-аналардың да алаңсыз болуына мүмкіндік береді.

Оқушылардың қауіпсіздігі – басты назарда. Осы мақсатта мектеп автобусының бағытына кезекші мұғалімдер бекітіліп, балалардың мектепке келуі мен үйлеріне аман-есен оралуы тұрақты бақылауда ұсталады. Педагогтер оқушыларды автобусқа отырғызу және түсіру кезінде олардың қауіпсіздік талаптарын сақтауына ерекше мән береді.

Мектеп әкімшілігі үшін әрбір баланың қауіпсіздігі мен білімге қолжетімділігі – басым бағыттардың бірі. Сондықтан оқушыларды тасымалдау жұмыстары белгіленген талаптарға сәйкес ұйымдастырылып, оқу жылы бойы үздіксіз жүргізіледі. Бұл білім алушылардың сабаққа тұрақты қатысуына және ата-аналар мен мектеп арасындағы өзара сенімді нығайтуға ықпал етеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT