Қазақстандағы ең қарт тұрғын ретінде аталып жүрген 116 жастағы Түймегүл Темірбаева Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауында өз таңдауын жасады, деп хабарлайды AtyrauPress.
Түймегүл Темірбаева – Ұлытау облысы Қызылжар ауылының тұрғыны. Ғасырдан астам ғұмыр кешкен кейуана сайлау күні азаматтық белсенділік танытып, дауыс беруге қатысты.
116 жастағы тұрғынның сайлауға қатысуы елдегі маңызды саяси науқанға әр буын өкілдерінің атсалысып жатқанын көрсетеді. Құрылтай сайлауында азаматтар өз таңдауын жасап, дауыс беру учаскелерінде белсенділік танытуда.
Сурет - 24/7 хабар


