Есірткі – адам денсаулығына ғана емес, қоғамның болашағына да қауіп төндіретін өзекті мәселе. Оның зардабы адамның өміріне, отбасына және қоршаған ортасына кері әсер етеді. Сондықтан есірткіге қарсы күрес – баршаға ортақ міндет.
Әсіресе жастардың зиянды әдеттерден аулақ болуы маңызды. Бос уақытты тиімді өткізу, спортпен айналысу, білімге ұмтылу және пайдалы орта қалыптастыру – түрлі теріс әрекеттердің алдын алудың тиімді жолдары. Ата-ана мен ұстаздар да жасөспірімдерге дұрыс бағыт-бағдар беріп, олардың мәселесіне бейжай қарамауы қажет.
Есірткінің алдын алу тек құқық қорғау органдарының міндеті емес. Әр азамат өз ортасына жауапкершілікпен қарап, салауатты өмір салтын насихаттауы керек. Жастардың жарқын болашағы – қоғамның ортақ мақсаты. Сондықтан есірткісіз орта қалыптастыруға бәріміз бірге үлес қосуымыз қажет.
Г.Жолдасқали


