Зиянды әдетке жол жоқ

Есірткі – адам өміріне, денсаулығына ғана емес, тұтас отбасының тыныштығына әсер ететін қауіпті құбылыс. Оның зардабы бір адамның тағдырымен шектелмей, қоғамның қауіпсіздігіне де салмақ түсіреді. Сондықтан есірткінің алдын алу тек құқық қорғау органдарының міндеті емес, әр азаматтың ортақ жауапкершілігі деп түсінуіміз керек.

Әсіресе жасөспірімдер арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтіп, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру маңызды. Спортпен шұғылдану, білімге ұмтылу, пайдалы орта қалыптастыру – теріс жолдан сақтанудың тиімді тетіктері. Ауданда да жастардың қауіпсіздігіне бағытталған профилактикалық шаралардың маңызы зор. Ең бастысы – есірткіге қызығушылық танытпай, оның адам өміріне әкелетін нақты қауіп-қатерін әркім түсінуі қажет.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT