Жол қозғалысы ережелерін сақтау – әрбір жүргізуші мен жаяу жүргіншінің азаматтық жауапкершілігі. Жолдағы қауіпсіздік бәріміздің тәртіпке бағынуымызға байланысты. Өкінішке қарай, кейбір жол-көлік оқиғалары жылдамдықты шамадан тыс арттыру, жол белгілеріне мән бермеу немесе жаяу жүргіншілердің ережені бұзуынан орын алады.
Жолда өзара сыйластық танытып, белгіленген талаптарды сақтау арқылы көптеген қайғылы жағдайлардың алдын алуға болады. Әсіресе, балалар мен қарттардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлген жөн. Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғамның негізі. Сондықтан жол қозғалысы ережелерін сақтау – өз өмірімізді ғана емес, өзгенің де өмірін қорғауға қосқан үлесіміз.
Г.Сәдуақас


