Жолдағы тәртіп – өмір қауіпсіздігінің кепілі

Күн сайын жолға жаяу жүргінші де, көлік жүргізушісі де шығады. Сондықтан жолдағы қауіпсіздік тек жол қозғалысы ережелерін білумен емес, оны бұлжытпай орындаумен өлшенеді. «Заң мен тәртіп» қағидаты ең алдымен жолда көрініс табуы тиіс деп ойлаймын.

Ауданымызда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында түрлі профилактикалық шаралар өткізіліп, тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді. Бұл – жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған маңызды жұмыстар. Дегенмен, қауіпсіздік тек құқық қорғау органдарының міндеті емес. Әрбір жүргізуші жылдамдықты сақтап, әрбір жаяу жүргінші белгіленген өткелден өту сияқты қарапайым талаптарды орындаса, көптеген қайғылы жағдайдың алдын алуға болады.

Заңға құрмет – өз өмірімізге де, өзгенің өміріне де құрмет. Жолдағы тәртіпке бейжай қарамай, қауіпсіздік талаптарын сақтай білсек, ауданымыздағы әрбір сапардың аман-есен аяқталуына үлес қосамыз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT