Жолдағы тәртіп – адам өмірінің қорғаны

Жол қозғалысы ережелерін сақтау – әрбір адамның өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған маңызды талап. Заң мен тәртіптің басты мақсаттарының бірі – қоғамдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Сондықтан жолда белгіленген ережелерді сақтау тек жүргізушілердің ғана емес, жаяу жүргіншілердің де азаматтық міндеті. Әр адам жолда жауапкершілік танытса, көптеген қайғылы оқиғалардың алдын алуға болады.

Қазіргі таңда көлік саны күн сайын артып келеді. Соған байланысты жолдағы қауіп те көбейіп отыр. Кейбір адамдар бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетеді, жаяу жүргіншілер өткелін пайдаланбайды немесе көлікті рұқсат етілген жылдамдықтан жоғары айдайды. Осындай жауапсыз әрекеттердің салдарынан жол-көлік оқиғалары орын алып, адамдар жарақат алады немесе өмірімен қоштасады. Ал қарапайым ғана ережелерді сақтау – қауіпсіздіктің ең тиімді жолы. Бағдаршамға бағыну, қауіпсіздік белдігін тағу, жылдамдықты асырмау және жол белгілеріне мән беру – әр адамның өмірін сақтап қалуы мүмкін.

Жол қозғалысы ережесін сақтау – заңға бағынудың ғана емес, өз өмірің мен өзгенің өміріне деген құрметтің белгісі. Тәртіпті жүргізуші мен саналы жаяу жүргінші қоғамдағы қауіпсіздікті нығайтады. Бұл мәдениеттілік пен жауапкершіліктің көрінісі.

Жол қозғалысы ережелерін сақтау – өмір қауіпсіздігінің кепілі. Заң мен тәртіпке бағынған қоғамда адамдар өздерін сенімді әрі қауіпсіз сезінеді. Сондықтан әрқайсымыз жолда мұқият болып, ережелерді бұлжытпай орындауға міндеттіміз. Себебі бір сәттік салғырттық орны толмас өкінішке әкелуі мүмкін, ал тәртіп сақталған жерде адам өмірі әрқашан басты құндылық болып қала береді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT