Жолдағы қауіпсіздік – күнделікті өмірімізге тікелей қатысты маңызды мәселе. Көлік жүргізушісі де, жаяу жүргінші де жол ережесін сақтағанда ғана қауіптің алдын алуға болады. Кей жағдайда асығыстық, телефонға алаңдау немесе белгіленген жылдамдықты сақтамау қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.
Сондықтан жолда әр адам өз қауіпсіздігіне ғана емес, айналасындағы адамдардың өміріне де жауапты екенін түсінуі қажет. Жүргізушілер жаяу жүргіншілерге жол беріп, жылдамдықты жағдайға қарай таңдауы тиіс.
Ал жаяу жүргіншілер арнайы өткелдерден өтіп, бағдаршам талаптарын орындағаны дұрыс. Балаларға жол ережесін ерте жастан үйретудің де маңызы зор. Меніңше, жолдағы тәртіпті сақтау қорқыныштан емес, адам өмірін құрметтеуден туындауы керек. Бір қарапайым ережені сақтау кейде бір адамның өмірін сақтап қалуы мүмкін.
Г.Жолдасқали


