Жолдағы бір сәт – бір тағдыр

Көшеде бағдаршамның жасыл түсін күтіп тұрған адам немесе жаяу жүргінші жолағынан асықпай өтіп бара жатқан азамат көпшілікке қарапайым көрінуі мүмкін. Бірақ осы қарапайым әрекеттердің артында адам өмірінің қауіпсіздігі тұр.

Жол ережесі жүргізушіге ғана емес, жаяу жүргіншіге де қатысты. Кейде адамдар бірнеше минут үнемдеу үшін белгіленбеген жерден жол кесіп өтеді немесе телефонға алаңдап, айналасына мән бермейді. Мұндай ұсақ немқұрайдылықтың салдары ауыр болуы мүмкін.

Жолдағы тәртіп айыппұлдан қорыққандықтан емес, адамның өз өміріне және өзгенің қауіпсіздігіне деген құрметінен қалыптасуы керек.

Балаларға жол ережесін ерте жастан үйрету де маңызды. Өйткені қауіпсіздік мәдениеті бір күнде қалыптаспайды.

Жол – барлығына ортақ кеңістік. Сондықтан ондағы тәртіпті сақтау – әр адамның азаматтық міндеті.

 

Г.ЖОЛДАСҚАЛИҚЫЗЫ

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT