Жол қауіпсіздігі – күн сайын назар аударуды қажет ететін мәселе. Көлік жүргізушісінің асығыстығы, жаяу жүргіншінің жол ережесін елемеуі немесе қауіпсіздік талаптарының сақталмауы орны толмас жағдайға әкелуі мүмкін.
Аудан аумағында жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша түсіндіру және профилактикалық жұмыстар тұрақты жүргізіледі. Әсіресе балалардың қауіпсіздігіне, жаяу жүргіншілердің жолдан белгіленбеген жерден өтпеуіне және жүргізушілердің белгіленген жылдамдық тәртібін сақтауына баса мән беріледі.
Жолдағы қауіпсіздік тек айыппұлдан қорқып ережені орындаумен шектелмеуі керек. Әр жүргізуші көлік тізгіндеген сәттен бастап өз өмірімен қатар, жолаушы мен басқа да жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне жауапты екенін есте ұстағаны жөн.
Бірнеше минут үнемдеу үшін асығудың қажеті жоқ. Жолдағы ең маңызды ереже – белгіленген жерге аман-есен жету.
Г.Сәдуақас



