Күн сайын мыңдаған адам жол қозғалысына қатысады. Жүргізуші де, жаяу жүргінші де жол ережесін сақтауға міндетті. Өкінішке қарай, қарапайым талаптарды орындамаудың салдарынан жол-көлік оқиғалары орын алып, адамдар жарақат алып немесе өмірінен айырылып жатады.
Жол ережелері адамдарды шектеу үшін емес, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданған. Бағдаршамға бағыну, белгіленген жерден өту, көлікті жылдамдық шегінен асырмау сияқты талаптар әркімнің өмірін сақтауға көмектеседі. Балаларды да кішкентай кезінен жолда өзін дұрыс ұстауға үйрету маңызды. Заңға құрмет осындай қарапайым әрекеттерден басталады.
Қорытындылай келе, жолдағы тәртіп – қоғам мәдениетінің айнасы. Әрбір азамат жол қозғалысы ережесін сақтаса, жазатайым оқиғалар азайып, адамдардың өмірі мен денсаулығы қорғалады.
Г.СӘДУАҚАСОВА



