Жол қауіпсіздігі – күнделікті өміріміздегі ең маңызды мәселелердің бірі. Көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер жол ережесін сақтаған жағдайда ғана түрлі келеңсіз жағдайлардың алдын алуға болады. Кейде асығыстықпен немесе ережеге немқұрайлы қараудың салдарынан адам өміріне қауіп төнуі мүмкін. Сондықтан жолдағы тәртіпке барынша жауапкершілікпен қарау қажет.
Жүргізуші үшін белгіленген жылдамдықты сақтау, жаяу жүргіншіге жол беру, көлікті мас күйінде басқармау сияқты талаптардың әрқайсысының өзіндік маңызы бар. Ал жаяу жүргіншілер жолды белгіленген жерден өтіп, бағдаршамға бағынуы тиіс. Әсіресе балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлген жөн. Оларға жол ережесін түсіндіру – ата-ана мен қоғамның ортақ міндеті.
Жол ережесін сақтау – жай ғана айыппұлдан қорқу емес, адам өмірін құрметтеу деп түсінген дұрыс. Әрқайсымыз жолда өзімізден бастап тәртіп сақтасақ, жазатайым оқиғалардың алдын алуға үлкен үлес қосамыз. Заң мен тәртіпті сақтау арқылы ауданымыздағы жол қозғалысын қауіпсіз етуге бәріміз атсалыса аламыз.
Г.СӘДУАҚАС


