Жол қозғалысы қауіпсіздігі – қоғам үшін аса маңызды мәселелердің бірі. Күн сайын жолда көлік жүргізушілерімен қатар жаяу жүргіншілер, балалар мен велосипедшілер де жүреді. Сондықтан жол ережесін сақтау әр азаматтың басты міндеттерінің бірі болуы тиіс.
Жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін жүргізушілер белгіленген жылдамдықты сақтап, көлік жүргізу кезінде ұялы телефонға алаңдамауы қажет. Ал жаяу жүргіншілер жолды тек арнайы белгіленген жерден кесіп өтіп, бағдаршам талаптарын орындауы керек. Әсіресе балаларға жолда жүру тәртібін үнемі түсіндіріп отырған жөн.
Жолдағы қауіпсіздік бір ғана адамның емес, барша қоғамның жауапкершілігі. Әркім өз міндетіне жауапкершілікпен қарап, жол ережесін қатаң сақтағанда ғана адам өмірін сақтап, қауіпсіз ортаны қалыптастыра аламыз.
Г.СӘДУАҚАС


